Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша ұсталған мәслихат депутатына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Диапазон".
Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша ұсталған мәслихат депутатына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Диапазон".
Аркадий Ни бір жыл бұрын ұсталған болатын. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бизнесмен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталғаны туралы мәлімет пайда болған еді.
Ratel.kz порталының мәліметінше, бизнесмен кішкентай қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінген. Сол әрекеті үшін, яғни қыздың пәктігі үшін бизнесмен 1 миллион теңге төлеген делінеді. Ал кейінгі жыныстық қатынастар үшін бизнесменнің 50 мың теңгеден төлеп тұратыны айтылады. Артынша, Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды.
Басылым мәліметінше, сот үкімі шыққан. Үкім бойынша, Аркадий Ни ақталып шықты, сот қылмыс жайты болмағанын анықтаған.
Қылмыстық істер жөніндегі арнайы сот мәліметінше, сот сараптамасы бойынша жыныстық қылмыстарға тән ешқандай объектив деректер анықталмаған. Аркадий Ниге жала жабылған болып шыққан.
Сот мәліметінше, қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкермен байланысып, ақша табу мақсатында оған ауыр қылмыс жасады деп айыптаған. Қызын да депутат оны зорлады деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта жәбірленуші қыз ол зорланбағанын мәлімдеген.
Нәтижесінде, айып тағылған депутат пен оған көмектесті деген тағы бір әйел толық ақталып шықты. Ал қыздың анасы алты жылға сотталды. Әйел адамның кішкентай баласы бар болғандықтан, жазасын бес жылдан кейін өтейді.
Басылым мәліметінше, Аркадий Ни "Рокос" ірі компаниясының басшысы және теннис федерациясының бөлімшесін басқарады. Ол Ақтөбедегі Батыс-2 ықшамауданында теннис орталығын салған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!