08 желтоқсан 2020 | 10:27

Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:aktobeoblmaslihat.kz Фото:aktobeoblmaslihat.kz

Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбелік мәслихат депутаты Аркадий Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда Ақтөбеде 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікпен белгілі бизнесмен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Аркадий Ни ұсталғаны туралы мәлімет пайда болды.

Ratel.kz порталының мәліметінше, бизнесмен кішкентай қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінген. Сол әрекеті үшін, яғни қыздың пәктігі үшін бизнесмен 1 миллион теңге төлеген делінеді. Ал кейінгі жыныстық қатынастар үшін бизнесменнің 50 мың теңгеден төлеп тұратыны айтылады. 

Партияның Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметінің өкілдері осы мәліметке қатысты пікір білдірді.

"Аркадий Ниді ұстау дерегі бойынша Nur Otan облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес бюросына оны Nur Otan партиясы билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынды.

Облыстық Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Аркадий Ни Nur Otan партиясынан шығарылды", - делінген партияның хабарламасында.

Ал Ақтөбе облысының полиция департаменті Аркадий Ниге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

"Қазақстанның 100 Жаңа есімі" сайтындағы мәліметке қарағанда, Аркадий Ни 1961 жылы 25 наурызда Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласында дүниеге келген. 1966 жылдан бастап Қазақстанда тұрады. Жамбыл құрылыс-гидромелиоративті институтын бітірді, инженер-механик мамандығын алған.

Еңбек жолын Уральскінің кәсіби-техникалық училищесінде өндірістік оқыту шебері болып бастады. Облыстық маслихат депутаты ретінде ол өз округіндегі мектептердің материалды базасын нығайту үшін көп еңбек сіңірді, ҰОС ардагерлері мен аз қамтылған отбасылар ішіндегі сайлаушыларына материалды көмек көрсетіп отырады.

Аркадий Ни Қазақстан кәрістері ассоциациясының ақтөбелік филиалы басшылығының мүшесі, Ақтөбе облысы бойынша "Қазақстан теннисының федерациясы" РОО филиалының директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети