04 маусым 2015 | 15:23

Кәмелетке толмаған қызды зорламақшы болған астаналық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© deita.ru © deita.ru

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған астаналық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған астаналық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ақмолалық полицейлер бүлдіршінді зорлауға әрекеттенген күдіктіні ұстау үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алып, оның Астананың 32 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

"Бурабай ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына зорлау әрекеті жасалғанын айтып, арызданды. Осыған байланысты тәжірибелі мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылып, күдіктінің кім екені анықталды", - делінген ІІД хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр, оған қатысты ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда оқушыны құдықта зорламақ болған педофилдің қамауға алынғаны хабарланған болатын. "Сот тергеу органдарының кәмелет жасына толмаған қызды зорлау бойынша күдіктіге бұлтартпау шарасын белгілеу туралы өтінішін қарады. Жабық түрде өткен сот санкциясы бойынша, ер адам екі айға, яғни 19 шілдеге дейін қамауға алынды", - деп хабарлады сот өкілдері. Қазіргі уақытта ер адам Павлодардың тергеу изоляторында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети