25 мамыр 2015 18:07

Павлодарда оқушыны құдықта зорламақ болған педофил қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©i-news.kz ©i-news.kz

Павлодарда мектеп оқушысын зорламақ болған педофил қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасады.


Павлодарда мектеп оқушысын зорламақ болған педофил қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық №2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасады.

"Сот тергеу органдарының кәмелет жасына толмаған қызды зорлау бойынша күдіктіге бұлтартпау шарасын белгілеу туралы өтінішін қарады. Жабық түрде өткен сот санкциясы бойынша, ер адам екі айға, яғни 19 шілдеге дейін қамауға алынды", - деп хабарлады сот өкілдері. Қазіргі уақытта ер адам Павлодардың тергеу изоляторында. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, сотталушы өз кінәсін мойындады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар тұрғындарының оқушы қызды педофилден құтқарып алғаны хабарланған болатын. Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғыны 10 жастағы қызды канализация құдығына күшпен кіргізіп алып, зорламақ болған. Қыздың шыңғырған дауысын көпқабатты үйлердің бірінде тұратын Сергей Быковских деген азамат естиді. Оның айтуынша, ол пәтерінің балконынан ер адамның қыздың дауысы шығып жатқан канализация құдығына түскенін көріп қалады. Ер адам көшеге жүгіріп шығып, құдыққа барғанда оның ішіндегі күдікті жас қызды шешіндіріп үлгеріпті. Осы уақытта үйден тағы бір тұрғын Артем Саянкин шығады. Олар қызға шабуыл жасаған ер адамды полицейлер келгенше ұстап тұрған. "Біз құдыққа түсіп, оны сол жақта ұстап отырдық. Ол қашқысы келіп, жіберуімізді сұрап, жылады. Барлық жағдайды қолданып, қашып құтылғысы келді. Бірақ біз оны құдықтан шығармай қойдық. Әрине, бірнеше рет күш қолдануымызға тура келді", - деді Сергей Быковских. Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам мектеп оқушысын балалар алаңынан алдап алып шыққан.

Ал оқушы қызды құтқарып қалған екі тұрғын ішкі істер департаментінің назарынан тыс қалған жоқ. Полицияға көмек көрсеткені үшін оларға алғыс хат пен ақшалай сыйлық берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети