22 мамыр 2015 19:23

Павлодарда тұрғындар оқушы қызды педофилден құтқарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gorodpavlodar.kz ©Gorodpavlodar.kz

Павлодарда тұрғындар оқушы қызды педофилден құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда тұрғындар оқушы қызды педофилден құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғыны 10 жастағы қызды канализация құдығына күшпен кіргізіп алып, зорламақ болған. Қыздың шыңғырған дауысын көпқабатты үйлердің бірінде тұратын Сергей Быковских деген азамат естиді. Оның айтуынша, ол пәтерінің балконынан ер адамның қыздың дауысы шығып жатқан канализация құдығына түскенін көріп қалады. Ер адам көшеге жүгіріп шығып, құдыққа барғанда оның ішіндегі күдікті жас қызды шешіндіріп үлгеріпті. 

Осы уақытта үйден тағы бір тұрғын Артем Саянкин шығады. Олар қызға шабуыл жасаған ер адамды полицейлер келгенше ұстап тұрған. "Біз құдыққа түсіп, оны сол жақта ұстап отырдық. Ол қашқысы келіп, жіберуімізді сұрап, жылады. Барлық жағдайды қолданып, қашып құтылғысы келді. Бірақ біз оны құдықтан шығармай қойдық. Әрине, бірнеше рет күш қолдануымызға тура келді", - деді Сергей Быковских. Полицейлердің айтуынша, ұсталған ер адам мектеп оқушысын балалар алаңынан алдап алып шыққан.

"Күдікті оқушыдан өз қызын тауып беруді сұраған. Оқушы қыз келіседі. Үйдің артына барған кезде ол қызды ұстап, канализация құдығына алып түскен", - деді ведомство өкілдері. Осы дерекке сәйкес "Зорлауға оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оқушы қызды құтқарып қалған екі тұрғын ішкі істер департаментінің назарынан тыс қалған жоқ. Полицияға көмек көрсеткені үшін оларға алғыс хат пен ақшалай сыйлық берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети