Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда 2306 адам әкімшілік жауапкершілікке, 910 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда 2306 адам әкімшілік жауапкершілікке, 910 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ішкі істер органдары Бас прокуратураның басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы аясында қаңтардағы заңсыз акциялар мен жаппай тәртіпсіздікке тікелей қатысу деректері бойынша 2306 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты (ҚР ӘҚБтК-нің 443, 488 және 667-баптары), қылмыстық жауапкершілікке 910 адам тартылды (ҚР ҚК-ның 188, 191, 202, 255, 269, 272, 287, 291, 293, 380 баптары)", - делінген редакция сауалына жауапта.
Сондай-ақ, ведомство қылмыстық іс бойынша сотталғандар мен айыпталғандар арасында ішкі істер органдары ұстаған адамдар қатарынан "Йақын Инкар" діни-экстремистік ұйымы өкілдері жоқ екенін мәлімдеді.
Террорлық актілер мен тәртіпсіздіктер бойынша соталды тергеп-тексеруді арнайы прокурорлар жүргізеді. Деректер жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Бас прокуратура мәліметінше, қаңтар оқиғаларына қатысты күдікті ретінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған шет мемлекеттің 15 азаматы (Өзбекстан - 9, Ресей - 3, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай - 1) ұсталған.
Бұған дейін "Йақын Инкар" (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!