23 ақпан 2022 11:29

Қаңтардағы оқиға: "Йақын Инкар" экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты 2 іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қаңтардағы бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген "Йақын Инкар" (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымның мүшелеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК редакцияның ресми сауалына жауап берді.


Қаңтардағы бүлікке қатысы бар деген күдікке ілінген "Йақын Инкар" (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымның мүшелеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК редакцияның ресми сауалына жауап берді.

Аталған ұйымға қатысты ҚР ҚК 405-бабы 1,2-бөлігі ("қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiн ұйымдастыру") және 259-бап 1-бөлігі ("Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

ҰҚК мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында Қазақстанның жеті азаматы ұсталды, оларға қатысты сот қамауға алуды бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ведомствоаралық жедел-іздестіру тобының қатысуымен жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат алу үшін Мемлекеттік прокуратураға хабарласу ұсынылады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандардың арасында "Йақын Инкар" экстремистік ұйымының мүшелері де бар. Бұл экстремистік ұйымның аты "Хабар" телеарнасының деректі фильмінде жарияланды.

"Йақын Инкар" ұйымы 2018 жылы экстремистік деп танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети