03 ақпан 2022 13:50

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: көлік полициясы 72 қылмыстық істі тергеп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік полициясы қаңтар оқиғасынан кейін 72 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік полициясы қаңтар оқиғасынан кейін 72 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөз ұрлық пен тонау деректері туралы болып отыр. Қылмыс жасады деген күдікпен 14 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 31 қаңтарда көлік нысандарына келтірілген залалдың алдын ала мөлшері 530 792 668,8 теңге болды.

Жоланов тәртіпсіздіктер кезеңінде қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға қатысы бар адамдарды анықтау үшін қазір жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.

Жалпы сомасы 24 587 874 теңге болатын мүлік ұрланған, оның ішінде 3 автокөлік, 5 ұялы телефон, 2 299 825 теңге сомасындағы ақша қаражаты және 635 мың теңге болатын 47 киім тәркіленді.

"Наразылық кезінде мемлекеттік маңызы бар нысандарға 2 шабуыл жасалды: Алматы қаласының халықаралық әуежайы және әуежайдағы полицияның желілік бөлімі. Сонымен қатар, әуежай ғимаратының ішінде орналасқан сауда нысандары шабуылға ұшырады", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Жолаушылардың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жасақтары әуежайлар мен вокзал аумақтарын жаяу тексереді. Желілік бөлімшелердің 1000-нан аса қызметкері тәулік бойы қызмет атқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети