31 наурыз 2022 10:44

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: полиция ғимараты мен Алматы әуежайына шабуыл жасаған адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция басқармасының басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерді қаңтардағы тәртіпсіздікті тергейтін көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұстаған.

"Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында Алматы қаласында тұратын 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Анықталғандай, ол биылғы жылдың 5 қаңтарында басқа да тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге, қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасаған. Содан кейін жас жігіт сыбайластарымен Алматы қалалық ІІД ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауға алған", - деді генерал-майор Бекиев.

Оның айтуынша, бұдан кейін ұсталған азамат қаруды белгісіз біреуге 40 000 теңгеге сатып жіберген.

"Қазір оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп қосты Бекиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети