05 қыркүйек 2021 12:07

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Шалабековке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақсылық Шалабеков. Жақсылық Шалабеков.

Қарағанды ​​облыстық соты Қарағанды ​​әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облыстық соты Қарағанды ​​әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Шалабеков пен кәсіпкер Ермек Қасеновке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық сотына апелляциялық өтінішті прокуратура берген. Прокурор сотталушы Жақсылық Шалабековтың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері болғанын айтты.

Қарағанды облыстық сотының сот алқасы прокуратураның дәлелдері мен қылмыстық іс материалдарын зерделеді. Алқа үкім әділетті деген қорытындыға келді.

"Сот сотталғандарға жазаны қылмыстық заң баптарының санкциясы шегінде, құқық бұзу сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, олардың жеке басын ескере отырып, мемлекетке 120 миллион теңге мөлшерінде залалды өтеуді ескере отырып, жасалған әрекетке мөлшерлес етіп тағайындады. Шалабековке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залалды өтеу дерегін, сотталушының жасын (61 жас) және балаларының болуын ескерді. Кәсіби антын бұзған адамның құқықбұзушылық жасауы кінә мен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады.

Қасеновке жаза тағайындау кезінде сот мемлекетке келтірілген залал өтелгенін, үш баласы бар екенін ескерді, кінәні ауырлататын мән-жай анықталған жоқ", - деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 2020 жылғы қыркүйекте ұсталған болатын. Ол 2020 жылғы ақпанында әкімнің орынбасары болып тағайындалған. 2011 жылдан 2019 жылға дейін шенеунік қалалық құрылыс бөлімін басқарды. Әкім орынбасарының лауазымында Шалабеков жерді пайдалану, қала құрылысы, сәулет, тұрғын үй және жаңа әлеуметтік нысандар салу мәселелеріне жетекшілік еткен.

Кейін Шалабеков лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети