03 қазан 2014 | 12:58

Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов 2 айға тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сот залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов екі айға тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сот залынан.

Тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға бүгін - 3 қазан күні Қарағандының Қазыбекби аудандық № 1 соты санкция берді. Экс-әкім тергеу изоляторында екі ай, яғни қызметтік өкілеттікті теріс пайдаланды деген айып бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталғанша отырады.

Сот қаулысын оқыған судья Еркеш Мәукеннің сөзіне қарағанда, Мейрам Смағұлов тұтқында отырмаса, тергеу органдарына және анықтау қызметіне кедергі келтіруі немесе қылмыстық іс бойынша куәгерлерге қысым көрсетуі мүмкін. "Істі жан-жақты әрі объективті тергеу үшін айыпталушы тергеу изоляторында отыруы тиіс", - деді судья.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты ҚР ҚК 307-бабы - "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Смағұлов 2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушы "ЮТЭКС" құрылыс компаниясын өз үйіне тегін жөндеу жасауға мәжбүрлеген. Компания экс-әкімнің баспанасын жөндеуге өзінің 5 миллион теңге қаражатын жұмсаған.

Мейрам Смағұлов Қарағанды әкімі қызметінде 2012 жылдың 8 қазанынан 2014 жылдың 24 маусымына дейін жұмыс істеді, содан кейін өз еркімен қызметтен кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети