Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды

02 Қазан 2014, 10:20
0
Мейрам Смағұлов. ©ekaraganda.kz
Мейрам Смағұлов. ©ekaraganda.kz

Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторының кезекші бөлімі бірнеше сағат бұрын изолятор камераларының біріне облыс орталығының бұрынғы басшысы жеткізілгенін растады.

Қарағандының экс-әкімі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы негізінде изоляторға үш тәулікке қамалды. 72 сағаттан соң Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеу тобы Смағұловтың бұдан кейінгі мәртебесі туралы (күдікті ме немесе айыпталушы ма) шешім шығарады. Үш тәуліктен соң оған бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылданады.

Бұған дейін Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловқа қатысты ҚР ҚК 307-бабы - "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Смағұлов 2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салушы "ЮТЭКС" құрылыс компаниясын өз үйіне тегін жөндеу жасауға мәжбүрлеген. Компания экс-әкімнің баспанасын жөндеуге өзінің 5 миллион теңге қаражатын жұмсаған.

Мейрам Смағұлов Қарағанды әкімі қызметінде 2012 жылдың 8 қазанынан 2014 жылдың 24 маусымына дейін жұмыс істеді, содан кейін өз еркімен қызметтен кетті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай