Қарағанды қаласының әкімі қызметінен босатылды

24 Маусым 2014, 17:18
0
Қарағанды қаласының әкімі қызметінен босатылды - Мейрам Смағұлов ©Тime.kz
Мейрам Смағұлов ©Тime.kz

2012 жылдың қыркүйек айынан бері Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарған Мейрам Смағұлов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз парағында қала әкімі М.Смағұловтың жұмыстан кету туралы өтініш бергендігі айтылып, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен ол қанағаттандырылғандығы жазылған. Сонымен қатар, қызметтен босатылғандар арасында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов облыстық экономика басқармасының басшысы Арман Ахметов бар. Бірақ олардың қандай қызметке ауысқаны туралы дерек жоқ.

Естеріңізде болса, 20 маусым күні облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қызметінен босатылып, орнына Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалған болатын. Ал бос лауазымды орындарға әзірге кімдердің тағайындалатыны белгісіз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай