31 мамыр 2021 13:37

Қарағанды облысында әскери қызметші велосипедшіні қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Тәшенов Қайрат Тәшенов

Қарағанды облысы Саран қаласында әскери қызметші ер адамды қағып өлтірді. Марқұмның туыстары қылмыстық істің әділ тергелуін талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысы Саран қаласында әскери қызметші ер адамды қағып өлтірді. Марқұмның туыстары қылмыстық істің әділ тергелуін талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 мамырда түнде Саран қаласында 31 жастағы Қайрат Тәшеновті көлік қағып кетті. Ер адам Макаренко көшесінде велосипедпен кетіп бара жатқан. Туыстарының айтуынша, оны қарсы жолақта қозғалып бара жатқан автокөлік соққан, оның жүргізушісі жергілікті әскери бөлімнің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісі. Жүргізуші "мас күйде" алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болып, велосипедшіні қаққаны хабарланды.

"Осыдан кейін жүргізуші мен оның досы жедел жәрдем де шақырған жоқ. Олар Қайратты жерден көтеріп есін жиюға көмектеспек болған, бірақ құлатып ала берген. Мұны өтіп бара жатқан такси жүргізушісі көріп оларға жәбірленушіге тиіспеуін сұрап, жедел жәрдем шақырғысы келген. Бірақ жүргізуші куәгерге кедергі жасап, ол қазір өз-өзіне келеді деген", - деді марқұмның әпкесі Камила Саматова.

Бұл жағдайды тағы бір қыз көрген. Жедел жәрдемді сол шықырған. 

"Жүргізуші мен оның досының алкоголь ішкенін көрген адамдар бар. Олар бауырыма бірден алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанда, аман қалуы мүмкін еді. Уақыт жоғалтып алдық. Ол Саран орталық ауруханасына ес-түссіз күйде жеткізілді. Бүкіл сүйегі сынған, төсекте шүберек қуыршақ сияқты жатты. Қабылдау бөлімінің қызметкерлері де уақытылы көмек көрсетпеді. Олар бауырымның келу уақытын тіркемеді, шиналарды уақытылы салмады. Осы күйде Макажанов атындағы клиникаға жіберілді, онда ол қайтыс болды", - деді Камила.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ?. (@kamimigram)

Марқұмның туыстары жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның мас болғанын және оның жылдамдықты айтарлықтай асырғанын дәлелдегісі келеді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство өкілінің айтуынша, жүргізуші адам қақты, бірақ мас болмаған. 

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. 

Биыл қыркүйекте Қайрат Тәшенов 32 жасқа толар еді.

"Ол спортпен шұғылданатын, әуе күштерінде қызмет етті. 18 жасында әкесіз қалған ол отбасындағы жалғыз асыраушы болған. Өмірге жоспары көп еді, үйленіп те үлгермеді. Біз оның өліміне кінәлілер жазаланғанын қалаймыз", - дейді қайтыс болған жігіттің туыстары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети