28 қаңтар 2021 08:49

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалды. 40 жастағы күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ауыл тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше зардап шеккен қыз жүкті болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ауыл тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше зардап шеккен қыз жүкті болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіні аздыру туралы ақпарат полицияға 31 желтоқсанда блогер Айсұлтан Жақыповтан түскен. Ол оқиғаның қай ауылда болғанын, ата-аналар бұл фактіні жасыратынын айтқан.

"Сол күні түскен хабарламадан кейін ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес "Зорлау" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Облыстағы Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олар қысқа мерзімде елді мекенді және оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала тергеу барысында фактілер расталған. Полиция қызметкерлері облыстың 40 жастағы тұрғынын ұстаған.

"Сот оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасын тағайындады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды", - деп толықтырды Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети