24 ақпан 2021 18:20

Қарағанды облысында зорланған оқушының туыстары қылмысты жасырғаны үшін жазалануы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қарағанды облысында 40 жастағы ер адам зорлаған және одан жүкті болған кәмелетке толмаған қыздың туыстары қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында 40 жастағы ер адам зорлаған және одан жүкті болған кәмелетке толмаған қыздың туыстары қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің мән-жайын Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин есептік онлайн-кездесуде жария етті. Оның мәліметінше, қазіргі уақытта зорлау ісі бойынша күдікті бір адам бар. Ол тергеу изоляторында. Оған ҚР ҚК 120-бабы "Зорлау" бойынша айып тағылып отыр.

"Бұл іс менің жеке бақылауымда. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Әзірге бұл іс бойынша ол жалғыз күдікті. Тергеуде осы қылмысты жасыруға тырысқан адамдарға да қатысты сұрақтар туындады. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін", - деп атап өтті полковник Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, қаңтардың соңында Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған қыздың зорланғаны белгілі болды. Күдікті ретінде 40 жастағы ер адам ұсталды. Сондай-ақ, мектеп оқушысы зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болып қалған. Алайда полицияға қылмыс туралы оның туыстары емес, қарағандылық блогер хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети