08 қазан 2019 13:23

Қарағанды облысындағы аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 


Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 

"Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары - жер комиссиясының төрағасы Б.Қ. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын", - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети