25 қараша 2014 18:50

Қарағанды тергеу изоляторынан қашқан адам бес жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қарағанды тергеу изоляторынан қашып кеткен адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 25 жастағы жаза өтеуші осы жылдың 27 шілдесінде қашып кеткен болатын. 


Қарағанды тергеу изоляторынан қашып кеткен адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 25 жастағы жаза өтеуші осы жылдың 27 шілдесінде қашып кеткен болатын. 

Іс материалдарына қарағанда, көлік ұрлығы үшін жаза өтеп жатқан адам АК 159/1 тергеу изоляторының әкімшілігіне білдірмей аулаға шыққан да, қашып кеткен. Қазыбек би аудандық № 1 соты судьясы шығарған үкімге қарағанда, сотталған адам шаруашылық жасағы құрамында болғандықтан тергеу изоляторын көріктендіру жұмыстарын орындау барысында аулада емін-еркін жүріп-тұрған. Оның қашып кеткенін изолятор жұмысшысы шаруашылық ауласында жұмыс аяталғаннан кейін барып білген. 

Қашқынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Изолятордан қашқан күннің ертесіне ол Қарағанды облысындағы Сахалин елді мекеніндегі саяжай алабынан табылды. Сот бұл әрекеті үшін оны 1 жыл, 3 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Көлік ұрлығы үшін өтелмеген жаза мерзіміне изолятордан қашқаны үшін берілген мерзім қосылды. Сөйтіп, сот түпкілікті жаза өтеу мерзімі ретінде оған бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Еске сала кетейік, 9 қараша күні тергеу изоляторынан тағы екі адам қашып кеткен болатын. Олар 21 қараша күні Қарағандының орталығындағы жалға берілетін пәтерлердің бірінде ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети