12 қараша 2014 21:56

Қарағанды тергеу изоляторынан қашып кеткендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Шабунин мен Сұлтан Лошкарев. Виктор Шабунин мен Сұлтан Лошкарев.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің мамандары бір сағат бұрын 9 қараша күні тергеу изоляторынан қашып кеткен екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің мамандары бір сағат бұрын 9 қараша күні тергеу изоляторынан қашып кеткен екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының орталығындағы бесқабатты үйде тұратын куәгерлердің Tengrinews.kz тілшісіне хабарлауынша, полицейлер қашқындардың жалға алған пәтеріне бұзып-жарып кіріп, сотталғандарды ұстаған.

Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бұл ақпаратты растады. Олардың хабарлауынша, сотталғандарды ұстауға облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Мергенбай Жаппаров пен оның орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Дүйсембеков қатысты.

"Бізге қашқындар қала орталығындағы пәтерлердің бірінде жасырынып жүр деген ақпарат келіп түсті. Генерал-майор Жаппаров пен оның орынбасары Дүйсембеков сотталғандарды ұстауға қатысты. Сотталғандар не себепті қашып кеткендері жөнінде алғашқы жауаптарын генерал-майор мен оның орынбасарына айтты, сөздеріне қарағанда, олар мұны алдын ала ойластырмаған. Бәрі аяқ астынан болыпты", - деп хабарлады қашқындарды ұстау жөніндегі тергеу-жедел тобының қызметкерлері.

Қазіргі уақытта ұсталғандар сол тергеу изоляторына орналастырылды, бұл жолы топ болып қашып кету туралы қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде қамалды.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қарасты АК 159/1 тергеу изоляторынан екі адам қашып кеткен еді. Тұтқындар қызметтік бөлмелердің бірінің терезесінің торын алып тастап, алдымен изолятордың ауласына өткен, кейін қоршадан секіріп, кетіп қалған. Қашып кеткендердің біреуі тергеу изоляторында әлі 1 жыл 8 ай отыруы керек болған, екіншісінің үш жыл алты ай уақыты бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети