14 сәуір 2015 | 15:20

Қарағанды тұрғыны жарылғыш зат жайлы жалған хабар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Geolocation.kz @Geolocation.kz

Белгісіз біреу Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Кудияровқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреу Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Кудияровқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, сауда орталығына "жарылғыш зат қойылды" деген хабарлама 112 нөміріне сағат 12.00-де келіп түскен. "Сауда орталығындағы сатушылар, келушілер мен әкімшілік қызметкерлер эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ. "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Құдияров. Ол осы бап бойынша биылғы жылдан бастап жаза күшейтілгенін, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін екенін атап айтты.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында Қарағандыда 32 жастағы қыз қонақүйді "жарып жібермекші" деп жалған хабарлама берген. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз қаладағы қонақүйлердің бірінен бөлме алуға барған, бірақ ол жерде бос орын болмапты. Осыдан кейін қонақүйге ренжіген қыз 112 номеріне хабарласып, ол жерге жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған хабар берген.
 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети