02 наурыз 2015 10:18

Қарағандыда 32 жастағы қыз қонақүйді "жарып жібермекші" болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Наурыздың 1-і күні Теміртаудың 32 жастағы тұрғыны бөлме ала алмағаны үшін қонақүйді "жарып жібермекші" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Наурыздың 1-і күні Теміртаудың 32 жастағы тұрғыны бөлме ала алмағаны үшін қонақүйді "жарып жібермекші" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз қаладағы қонақүйлердің бірінен бөлме алуға барған, бірақ ол жерде бос орын болмапты. Осыдан кейін қонақүйге ренжіген қыз 112 номеріне хабарласып, ол жерге жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген.

"Наурыздың 1-і күні қаладағы барлық күш құрылымы аяғынан тік тұрды. Қонақүй қызметкерлері мен клиенттері эвакуацияланды, тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Ал лаңкестік әрекет туралы жалған хабар берген қыз ағасының пәтерінде қолға түсті", - делінген хабарламада.

Қыз қазір уақытша ұстау изоляторында отыр, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл бап бойынша қыз алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас оқиға Алматыда болған еді. 25 ақпанда полиция әуежайға "жарылғыш зат қойған" ер адамды ұстаған болатын. Қоңырау шалған адамды іздестіруге Алматы полициясы шұғыл қызметінің өкілдері бірден кірісіп, оның кім екені бірнеше сағатта белгілі болды. Оны қолға түсіруге одан ұзағырақ уақыт кетті. Телефон лаңкесінің 44 жастағы азамат екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети