25 қазан 2021 15:59

Қарағандыда әкімдік терезесінен құлап кеткен жұмысшы ісіне қатысты үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты әкімдіктің 50 жастағы шаруашылық меңгерушісін қауіпсіздік ережесінің сақталмауына кінәлі деп таныды. Оқыс оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыстық іс сотқа процессуалдық келісім бойынша келіп түсті. Сотталушыға ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша айып тағылды. Оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деді Қазыбек би аудандық соты қызметкерлері.

Айта кетейік, сәуірде Қарағанды әкімдігі ғимаратының төртінші қабатындағы терезеден 37 жастағы жұмысшы құлап кеткен болатын. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Артында жұбайы мен балалары қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети