Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды 27 қаңтар 2023, 13:33

Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандардың өлімнің нақты себебін анықтай алмағаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесі орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын. Анасы мен қызы орманда қанша уақыт жатқаны белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram