06 қаңтар 2021 17:52

Қарағандыда базар маңында ер адамның денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото:elements.envato.com фото:elements.envato.com

Қарағандыдағы "Алтын арба" базарындағы контейнерлердің бірінен 35 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы "Алтын арба" базарындағы контейнерлердің бірінен 35 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қаңтарда қарағандылық полицейлер контейнерлердің бірінен ер адамның денесін тапқан. Куәгерлердің сөзінше, жәбірленуші бірнеше рет балта тиіп, қан жоғалтқаннан кейін қайтыс болған. Оқиға орнында 37 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған әрекетін мойындаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

"6 қаңтарда Қарағандының "Алтын арба" сауда үйінің контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қабылданған шаралардың нәтижесіне Қарағанды полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнында 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол жанжал кезінде жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр",- деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети