01 ақпан 2017 13:38

Қарағандыда ерлерге интим ұсынған жігіт соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesiskitim.ru © vesiskitim.ru

Қарағандыда ерлерге интим ұсынған жігітті соққыға жыққандар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда ерлерге интим ұсынған жігітті соққыға жыққандар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалы бойынша, былтыр 22 шілдеде Қарағандыға келген ауыл тұрғыны мен 30 жастағы ер адам арасында жанжал туған. Ауыл тұрғыны көшеде танысқан жігітке интим байланысқа түсуді ұсынған. Бұған ашуланған 30 жастағы ер адам қасындағы досымен бірге ауыл тұрғынын пышақтаған. Оқиға орнына дер кезінде келген дәрігерлер оны аман алып қалған. 

Сонымен бірге, қарағандылықтар зардап шегушінің ноутбугін, ұялы телефоны мен алтындарын алып кеткен. Оларды полиция тез арада қолға түсірген. Сот барысында зардап шегуші қандай да бір материалдық және моральдық шығын талап етпеді. Оның үстіне айыпталушыларды қатаң жазаламауын өтінген. 

Дегенмен сотталушылар "Қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдана отырып, алдын ала сөз байласқан бір топ адаммен қарақшылық жасау" бойынша айыпты деп танылып, бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Екі сотталушы да айыптарын жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети