05 қараша 2021 07:59

Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар үй иесін өлтіріп, көлігін айдап әкеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдіктілерді ұстау сәті. © polisia.kz Күдіктілерді ұстау сәті. © polisia.kz

Қарағандыда полицейлер екі адамды өлтірді деген күдіктілерді ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымы мен "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағандыда полицейлер екі адамды өлтірді деген күдіктілерді ізін суытпай ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымы мен "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қылмыс 4 қарашада жекеменшік үйде күндіз болған. Құрылыс бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Үйдің 59 жастағыт ұрғыны мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен жанжалдасқан. Куәгерлердің айтуынша, құрылысшылар пышақпен шабуыл жасаған. Олардың шабуылынан адамдар оқиға орнында қаза болған. Кейін күдіктілер марқұмдардың бірінің автомобилін айдап әкеткен.

"Жедел ұстау" жоспары жарияланып, көлік видеобақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер Қарағанды-Теміртау тасжолында ұсталған. 

"Ұсталғандар (34 және 39 жастағы ер адамдар) қылмысын мойындады. Қылмыс қаруы тәркіленді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді күдіктілер 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети