Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қарағандыда қанішер педофил 22 жылға сотталды

03 Қараша 2014, 14:58
1
©nmm.me
©nmm.me

Қарағандыда мектеп оқушысын зорлап, өлтірген педофил сотталды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соттың мәліметінше, 2014 жылдың жазында Жидебай ауылының тұрғыны 14 жастағы қызды аңдыған. Оны аялдамада ұстап алып, жақын жердегі ғимаратқа алып келеді. Осы жерде қыз баланы зорлайды да, буындырып өлтіреді. Содан кейін оқушыны шешіндіріп, киім-кешегі мен жеке заттарын өртеп жібереді. Сот педофилді айыпты деп таныды.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жиенін төрт жыл бойы зорлап келген педофилдің сотталып жатқаны хабарланған еді. Ер адам өз кінәсін мойындамай отыр, бірақ сот-медициналық сараптамасы оның қылмысқа қатысы барын анықтады. Полицияға жәбірленушінің анасы хабарласқан, ол өз ұлының 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін зорланып келгенін кездейсоқ білген. Қылмыстық іс жабық жағдайда өтіп жатыр. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында 10 жастағы қызға тиіскен педофил ұсталған болатын. Оны жергілікті екі тұрғын ұстап алды. Оқушы қыз педофилдің қолынан қашып шығып, адамдарды көмекке шақырған. Ұсталған адам бұрын жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты, бірақ сотта тараптардың ымыраға келуіне байланысты жаза өтеуден құтылып кеткен.

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай