12 наурыз 2017 16:45

Қарағандыда қоғамдық көліктің жүргізушісі мен кондукторы ұрыны ұстауға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Қарағандылық № 43 бағытында жүретін автобустың жүргізушісі мен кондукторы қоғамдық көліктің салонында ұрыны ұстауға көмектесті. Диана Алдоңғар есімді жолаушы жеке заттарын ұрлатып алғанын хабарлағаннан кейін, олар өз бағытын бұрып, полиция бөлімшесіне барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандылық № 43 бағытында жүретін автобустың жүргізушісі мен кондукторы қоғамдық көліктің салонында ұрыны ұстауға көмектесті. Диана Алдоңғар есімді жолаушы жеке заттарын ұрлатып алғанын хабарлағаннан кейін, олар өз бағытын бұрып, полиция бөлімшесіне барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сол күні мен қала орталығынан автобусқа отырдым, - дейді қыз. - бірнеше аялдамадан соң телефонымды жоғалтып алғанымды білдім. Сөмкемді, қалтамды бірнеше рет қарадым. Жанымда тұрған ер адамға менің номеріме қоңырау шалуды сұрадым, алайда сол сәттің өзінде телефоным сөндірулі болды".

Диана автобус жүргізушісі Арман Жақсыбековқа келіп оқиғасын айтып берген. Ер адам көп ойланбай, автобусты тоқтатып, қыздың телефонын қайтарып беруін сұраған. 

"Ешкім сыр білдірмеді, осыдан кейін мен кондуктор Ақниетпен ақылдасып, автобусты кері бұрып полиция бөлімішесіне қарай жүрдім. Жолаушылардың көпшілігі наразы болып, автобустың бекітілген бағытына түсуімді сұрады. Бірақ бұл мені тоқтатпады, себебі кез келген адамның басынан осындай жағдай болуы мүмкін еді", - дейді Арман. 

Полиция бөлімшесіне кіре бергенімізде, Дианаға бір жас жігіт келіп телефонын қайтарып берді. Ұрыны құқық қорғау органдарының қолына тапсырдық. Жәбірленуші арыз жазды. Ұрының тағдыры қазір шешіліп жатыр. 

Арман Жақсыбеков 15 жыл бойын автобус жүргізіп келеді. Осы жылдардың ішінде ол өзін жақсы жағынан көрсете білген. Өткен жылы Арман жары Мақпал екеуі қоғамдық көлік жүргізушілері арасында "Жол жүру бағытындағы ең мықтылар" атағын жеңіп алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети