24 қыркүйек 2021 13:15

"Қарағандыда құлдықта ұстады": полиция видеоға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Павлодар облысының тумасы өзін Қарағандыда еңбек құлдығында ұстағаны туралы айтқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Павлодар облысының тумасы өзін Қарағандыда еңбек құлдығында ұстағаны туралы айтқан видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода ер адам еңбек құлдығында бірнеше ай болғанын айтады.

"Тамыз айында мен Маратқа жұмысқа орналастым. Железин ауданына барып, онда бір нысанды өңдедік. Мен одан жалақы сұрадым, бірақ ол ақша төлемей, мені ұрды. Содан кейін Қарағандыға екінші нысанға бардық. Ол жерде де бірге жұмыс істедік. Мен одан тағы жалақымды сұраған едім, ол мені тағы таяққа жықты. 21 қыркүйекте мен түскі уақытта қашып кеттім. Марат менің ұялы телефонымды тартып алды. Сондай-ақ, менің құжаттарым, жеке заттарым сол жерде қалды. Бригаданың алты адамынан қазір екі адам қалды. Біреуі-Қырғызстан азаматы. Біз жұмыс істеп, істеген жұмысымыздың ақшасын сұрасақ, олар бізді ұрып-соғады. Менің жалақымды толығымен төлеуге көмектесуді және оны ұрып-соғу дерегі бойынша жауапқа тартуды сұраймын", - дейді ер адам.

Видеоны Қарағанды облысының полиция департаменті зерттеді. Ведомство қызметкерлері видео авторының жеке басын анықтағанын, қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтап жатқанын хабарлады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның істеген жұмысы үшін ақша төлемеу және жұмыс беруші тарапынан ұрып-соғу дерегі бойынша видео өтініші жарияланды. Аталған дерек Қарағанды қаласының полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері видео авторының - Павлодар облысының 41 жастағы тұрғыны екенін анықтады",-деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети