16 сәуір 2021 11:31

Қарағандыда қылмыстық топ заңсыз ойынхана ашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда қаладағы қонақүй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс істейтін ойынхана қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Қарағандыда қаладағы қонақүй кешендерінің бірінде заңсыз жұмыс істейтін ойынхана қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Заңсыз ойын бизнесін бес адамнан құралған қылмыстық топ ұйымдастырған.

"Тергеу барысында шамамен екі миллион теңге және бір мың доллар сомасындағы ақша, ойын карталары, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қаңтарда Шымкентте жалдамалы пәтерде заңсыз ойынхана ашқан ер адам жазаланған еді. Онда ойын карталары, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети