10 ақпан 2022 09:15

Қарағандыда мүгедектің атынан екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: Тengrinews Иллюстрация: Тengrinews

Қарағандыда I топтағы мүгедектің атына екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.


Қарағандыда I топтағы мүгедектің атына екі несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

36 жастағы жәбірленуші полицияға өзі алмаған екі несиені төлеуге мәжбүр болып жатқанын айтып арызданған.

Полицейлер көмек көрсетемін деген сылтаумен жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, кейін оның жеке деректерін пайдаланып, интернет-қосымша арқылы жалпы сомасы 340 000 теңге болатын екі тауарлық несие алған алаяқты ұстады. Ол жасаған қылмысын толықтай мойындады.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети