26 қаңтар 2015 | 15:39

Қарағандыда тағы бір полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©km.ru ©km.ru

Қарағандыда кеше, 25 қаңтарда кешкі уақытта облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жедел медициналық жәрдем қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда кеше, 25 қаңтарда кешкі уақытта облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкері көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жедел медициналық жәрдем қызметіне сілтеме жасап.

"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 1985 жылғы жаяу адам Республика даңғылындағы тас жолдан ол есеңгіреген күйде, сонымен қатар, аяғы сынған, миы шайқалған және тағы да басқа жарақаттарымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді", - деп хабарлады Жедел жәрдем қызметкерлері. Қарағандының аудандық прокуратурасы полиция қызметкерінің жаяу адамды қағып кеткенін растады. 

Еске сала кетейік, Қарағандыда өткен жылы да осыған ұқсас жағдай болған еді. Қарағанды ішкі істер басқармасы аудандық полиция бөлімінің жедел жұмыстар жөніндегі бастығының орынбасары Жансерік Дәуренбеков қызмет көлігімен 26 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған болатын. Сараптама 30 жастағы полицейдің сол кезде мас болғанын анықтады. Ол "Нива" автокөлігін қызмет көліктері тұрағынан заңсыз алған, 31 желтоқсан күні полицей сот алдында жауап берді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети