15 қыркүйек 2014 10:57

Қарағандыда полицей жаяу адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қарағандыда полицей көшені белгіленбеген тұстан кесіп өтпек болған ер адамды көлігімен қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда полицей көшені белгіленбеген тұстан кесіп өтпек болған ер адамды көлігімен қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасына жол берген жүргізуші - Қарағанды ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің 23 жастағы қызметкері. Қарағанды облыстық "Жедел жәрдем" орталығының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Степной ықшамауданында болды. "Диспетчерге шақыру адамды қағып кеткен жүргізушінің өзінен келіп түсті. Бірнеше минуттан соң біз оқиға орнына келдік. Бірақ 1959 жылы туған ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ол миына қан кеткендіктен және басында қанды ісік пайда болғандықтан жан тапсырды, оның басқа да қандай жарақаттар алғанын сот-медициналық сараптамасы анықтайды", - деп хабарлады "Жедел жәрдем" орталығының қызметкерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамды көлік жаяулар өткелі жоқ жерде қаққан. Оқиға орнында болған әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. "Тергеудің жаңа ғана басталғанына қарамастан, қазірдің өзінде жәбірленушінің жол ережесін бұзып, көшенің көлік жүріп жатқан бөлігіне шыға келгені анық белгілі болып отыр. Бұл жерде "зебра" немесе "Жаяулар өткелі" жол белгісі жоқ", - дейді әкімшілік полиция қызметкерлері.

Адамды қағып кеткен жүргізуші Оңтүстік-Шығыс полициясы бастығының орынбасары Жансерік Әбдірахмановтың тікелей қарамағында істейді. Бұған дейін Әбдірахманов қызметтік көлікпен мас күйде жол жиегімен келе жатқан бір қызды қағып өлтірген болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети