25 тамыз 2014 14:24

Қарағанды облысында полицей бір қызды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Қарағанды облысында полицей жаяу адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні болды.


Қарағанды облысында полицей жаяу адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні болды.

30 жастағы полиция қызметкерлері Абай ауданындағы Топар - Жартас тас жолында 26 жастағы қызды қағып кеткен. Қыз сол жерде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық ІІД анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. "Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға өткен шілде айында Ақмола облысында болған еді. Полиция қызметкері Бурабай елді мекенінде екі жаяу адамды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханада қайтыс болды. Ақпарат құралдарының айтуынша, тәртіп сақшысы әуеліде оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін оның асылып өлгені белгілі болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети