30 қазан 2022 14:03

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia Polisia

Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті бір тәулік ішінде ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті бір тәулік ішінде ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 27 қазанда сағат 17.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне Учительская көшесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 59 жастағы ер адам өлі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына облыстық Полиция департаменті және қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жіберілген. Полиция қызметкерлері жәбірленуші такси жүргізушісі болып жұмыс істегенін анықтаған.

Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Ол жолақысына келіспей, пышақ жарақатын салғанын мойындаған. Содан кейін күдікті көлікті өзі айдап кетіп, ЖБИ ықшамауданына барар жолдағы теміржол өткелі маңына тастап кеткен.

Қылмыс қаруы ретінде пышақ тәркіленген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети