Қарағандыда такси жүргізушісіне жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда такси жүргізушісіне жасалған шабуылдың мән-жайы айтылды Видео кадры

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті 27 қазанға қараған түні Майқұдықта такси жүргізушісіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Министрлік мәліметінше, жаяу жүргінші оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті 27 қазанға қараған түні Майқұдықта такси жүргізушісіне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Министрлік мәліметінше, жаяу жүргінші оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Такси жүргізушісіне жасалған шабуыл әлеуметтік желіде резонанс тудырды. Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты жаңа мәлімет жариялады. Ведомство мәліметінше, жолаушы мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан.

Белгілі мәліметке сүйенсек, 55 жастағы мас жолаушы жол ақысын төлеуден бас тартып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал шыққан. Жанжал кезінде жолаушы пышақ алып, жүргізушіге ұмтылған. Бұл кезде жүргізуші қашып үлгерген. Осы кезде сол маңнан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші көмекке келген. Екеуі жолаушыны көліктен түсірмек болғанда, ол пышақ сермеп, қарсылық танытқан.

"Жаяу жүргінші белгісіз травматикалық қарумен бірнеше рет оқ атқан. Полиция қызметкерелері мас күйдегі 55 жастағы ер адамды ұстады. Оған медициналық көмек көрсетілді. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқ атқан адамның жеке басы анықталып жатыр", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Еске салайық, Майқұдық тұрғындары такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алғаны хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіге үш рет оқ атқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети