28 қазан 2021 09:09

Қарағандыда жолаушы такси жүргізушісіне бірнеше рет оқ атқан

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Майқұдық тұрғындары такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіге үш рет оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Майқұдық тұрғындары такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіге үш рет оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 27 қазанға қараған түні Майқұдық 15-шағынауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, такси жүргізушісі мен жолаушы арасында туындаған жанжал соңы төбелеске жалғасып, жолаушы такси жүргізушісіне оқ атып жаралаған.

Такси жүргізушісіне шабуыл жасаған сәтті аудан тұрғындары видеоға түсіріп алған. Олар оның мойнынан, кеудеден және ішінен жарақат алғанын айтты. Зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды.

"Біз есеңгіреп қалдық, мұндай оқиғаға куә боламыз деп ойламадық. Оған үш рет оқ атса да қозғала берді. Мүмкін травматикалық қару шығар, бірақ сонда да қару қолдану дұрыс емес. Оқиға 15-шағынауданның сыртында болды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келді", - деді куәгер.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаға Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Ведомство оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатқанын айтты.

"27 қазан күні сағат 22.10 шамасында 55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісі арасында жанжал туындаған. Бұл факт полицияға тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Біз оқиғаның неден басталғанын қосымша хабарлаймыз", - деді Қарағанды ​​облысы ДПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети