03 қазан 2016 16:01

Қарағандыда терроризм туралы жалған хабар таратты деп айыпталған мұғалім екі жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Пак (сол жақтан екінші) © Tengrinews.kz Юрий Пак (сол жақтан екінші) © Tengrinews.kz

Қарағандыда терроризм туралы жалған хабар таратты деп айыпталған мұғалім екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Қарағандыда терроризм туралы жалған хабар таратты деп айыпталған мұғалім екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты сот ісі 5 томнан тұрды. Бүгін қылмыстық істер бойынша Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева сот үкімін шығарды.

"Облыстық ТЖД, ІІД мен Денсаулық сақтау басқармасындағыларға материалдық залал келтірілді. Орталық әмбебап дүкеннің жұмысы да тоқтатылған болатын. Дүкендегі 2000 адам ауруханаға жеткізілді. Сотта Пак Юрий Дмитриевич тағылған айыпты мойындамады. Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары өрескел қателіктерді жасады. Алайда сотталушының кінәсің іс материалдарындағы дәлелдер растайды. Сот Пак Юрий Дмитриевичты айыпты деп танып, оны екі жылға дейін бас бостандығынан айырылсын, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтесін", - деді судья.

Ал сотталушының адвокаты соттың бұл шешіміне шағымданатынын айтты.

Айта кетейік, сотталушы сот отырысына туыстарымен бірге келді. Оның қасында әйелі мен туыстары болды. Сондай-ақ, сот отырысына оның шәкірттері, әріптестері және журналистер келді. Алайда мектеп оқушылары сот залына кіргізілмеді.

Сонымен қатар, бүгін сотталушының анасының 2 қазанда қайтыс болғаны белгілі болды. Ол онкологиялық аурумен ауырған екен.

Еске салайық, осыған дейін Қарағандыда терроризм туралы жалған хабар таратты деп айыпталған мұғалімге қатысты іс басталған болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети