27 қаңтар 2023 09:15

Қарағандыда турфирма иесі клиенттеріне 11 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қарағандыдағы турфирма иесін клиенттеріне 11 миллион теңгені қайтаруға міндеттеді, сонымен қатар оны үш жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Сот Қарағандыдағы турфирма иесін клиенттеріне 11 миллион теңгені қайтаруға міндеттеді, сонымен қатар оны үш жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қарағанды ​​соты алаяқтыққа қатысты істі қарады. Тергеушілер мәліметінше, әйел клиенттерден 11 миллион теңге алып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасына өзгертілсін. Пожематкина Ольга Анатольевна дереу қамауға алынсын. Туризм саласында қызмет көрсетумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Айгүл Мурзабекова.

Жәбірленушілер үкімге толық қанағаттанған. Кейінгі жарты жылдан бері үйқамақта отырған кәсіпкер әйел үшін бұл үкім, керісінше, шок туғызған. Бұған дейін 28 жастағы әйел өзі полицияға келіп, жәбірленушілердің ақшасын қажеттіліктеріне жұмсап қойғанын мойындаған. Бірақ бұл үкімді жеңілдеткен жоқ: алаяқтықтың қасақана жасалғаны сотта дәлелденген.

Туристік фирма қожайыны үш жылға бас бостандығынан айырылғанымен қоса, клиенттеріне 11 миллион теңгені қайтаруы керек. Балаға кім қарайтынын қорғаншылық органдары шешуі керек.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети