26 қараша 2021 16:54

Қарағандылық тұрғын қайтыс болған ағасының орнына 5 миллион теңгеге жуық жәрдемақы алған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысының тұрғыны қайтыс болған ағасының орнына бірнеше жыл бойы жәрдемақы алып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысының тұрғыны қайтыс болған ағасының орнына бірнеше жыл бойы жәрдемақы алып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқтық дерегін Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департамент қызметкерлері анықтаған. Күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдікті қайтыс болған ІІ топтағы мүгедектігі бар ағасының жәрдемақысын және әлеуметтік жәрдемақысын алғаны анықталды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ақпараттық жүйесінде қайтыс болу туралы тиісті ақпарат тіркелмеген. Осылайша, ол заңсыз 4,7 миллион ​​теңге жәрдемақы алған. Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Ол 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети