22 қазан 2021 13:07

Қаражал қаласында педофил 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кішкентай қызды ұрлап, зорламақ болды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кішкентай қызды ұрлап, зорламақ болды деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамда резонанс тудырды. Оқиға Қаражал қаласында болды. Айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3 пайызға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин халыққа онлайн есеп беру кездесуі кезінде.

Айта кетейік, қызды ұрлау оқиғасы биыл сәуіде Қаражал қаласында болған еді. Қыздың ата-анасы полицияға жүгінген. Жедел іздестіру шаралары кезінде бала қараусыз қалған үйден табылған, жанында 55 жастағы ер адам болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети