27 сәуір 2021 11:10

Жоғалған кішкентай қыз қараусыз қалған үйден табылды. Жанында ер адам болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қаражал қаласында 26 сәуірде кішкентай қыз жоғалып кетті. Ол қараусыз қалған ескі үйден табылды. Жанында 55 жастағы ер адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаражал қаласында 26 сәуірде кішкентай қыз жоғалып кетті. Ол қараусыз қалған ескі үйден табылды. Жанында 55 жастағы ер адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Қаражал қаласында төтенше жағдай болды. 26 сәуірде кешке аулада жүрген кішкентай қыз із-түссіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы полицияға анасы хабарлаған.

"26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясының кезекші бөліміне 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полиция қызметкерлері, әкімдік, ТЖБ өкілдері және еріктілер қалада іздестіру шараларын өткізді. Іздеу барысында қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қыз табылды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адамның онда не істегені тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети