Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қаржы пирамидасы: Ақтөбеде атышулы іске қатысты сот үкімі шықты 24 маусым 2022, 10:03

Ақтөбедегі қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Astanatv.kz.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ақтөбедегі қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Astanatv.kz.

Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл кәсіпорынның үш ұйымдастырушысы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржы пирамидасына қатысты іс бір жылдан астам тергелді. Іс бойынша 10 мың азамат жәбірленуші деп танылған. Адамдар пирамидаға кем дегенде 300 мың теңгеден салған және оларға екі есе көп табыс уәде етілген.

Қаржы пирамидасының негізін қалаушылар 2020 жылдың ақпанында ұсталған. Олардың екеуі Ресей азаматы болса, біреуі Ақтөбе қаласының тұрғыны. Олардың қызметінен келген шығынның жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асады.

"Сот үкімі бойынша сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Литвиненко - 12 жылға, Москвин - 9 жылға, Қазыбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, барлық сотталушыға 7 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға кесілді. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram