24 сәуір 2014 18:21

Қарсы бағытпен жүрген "комитетчик" жауапқа тартылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com/Almaty Avtoregistrator ©Youtube.com/Almaty Avtoregistrator

Алматыда көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзған, өзін "комитетчикпін" деп таныстырып, өзгелерді балағаттаған жүргізуші жауапқа тартылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда көлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзған, өзін "комитетчикпін" деп таныстырып, өзгелерді балағаттаған жүргізуші жауапқа тартылмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның түсіндіруінше, оқиға 2013 жылдың 14 мамырында болған. "Ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ол құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада. 

Қуат Әбдірахманов жұмыс істейтін "Кар-Тел" ЖШС өкілдері де бұл оқиға бойынша қызметкермен "қатаң әңгіме" жүргізетінін хабарлады. Фирма өкілі Алексей Бендзь жанжал туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан білгенін айтты. Әбдірахманов компанияға 2013 жылдың қараша айында орналасқан. Қазір бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолға алынады. Фирма өкілінің айтуынша, Әбдірахмановтың машинасындағы нөмір жалған емес, ал қызметкер жұмысқа қабылданған кезде қатаң тексерістен өткен, ол бұрын сотталмаған. Әріптестерінің айтуынша, ол сыпайы, жауапкершілігі мол, ісіне тиянақты адам.

Бұған дейін Қуат Әбдірахмановты Алматы полицейлерінің ұстағаны хабарланған болатын. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мамандары оның өз органдарында жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Әбдірахмановтың қарсы бағытқа шығып кетіп, өзін "комитетчикпін" деп таныстырғаны түсірілген бейнежазба Youtube порталына 2013 жылдың мамырында орналастырылған. Бірақ ол бұқаралық ақпарат құралдарының назарына жуырда ғана ілікті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети