25 ақпан 2022 | 09:33

"Каскамызға дейін ұшып кетті" - полицей қаңтар оқиғасы туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы қаңтар оқиғасы кезіндегі бұзақылар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы қаңтар оқиғасы кезіндегі бұзақылар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Руфан Рагимовтың айтуынша, бір топ адам тәртіп сақшыларын соққының астына алған. Көп екендерін пайдаланып, тас, арматура арқылы күш көрсеткен.

"Полицейлердің бір тобы Сейфуллин көшесімен бұзақыларға қарай оңтүстік жаққа бет алды. Ал екінші топ Тимирязев көшесімен шығыс бағытқа аттанды. Сол сәтте екі жақ бір-бірімен кездесіп қалды. Бүлікшілердің қолында тас, арматура, темірлер болды. Олар тас лақтырғанда, басымыздағы каскаға дейін ұшып кетті", - деді ол.

Қатты соққыдан полиция қызметкерлерінің арасында талып қалғандар да болған.

"Шамамен, 500-800-дей адам болды. Олар өте көп еді. Оларды дүрбелең болмасын деп, таратып жіберуге тырыстық. Адамдар бізге күш көрсетіп, шабуыл жасайды деп ойламадық. Ешкім айтқан сөзге құлақ аспады", - деді Руфан Рагимов.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети