Kaspi Bank Талғардағы тонаушылар туралы ақпарат үшін ірі көлемде сыйақы тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kaspi Bank Талғардағы тонаушылар туралы ақпарат үшін ірі көлемде сыйақы тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Kaspi Bank 22 тамызда Талғардағы бөлімшеге шабуыл жасағандарды ұстауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат үшін 5 000 000 теңге сыйақы береді. Бұл ақпаратты +7 747 388 29 34 телефоны арқылы банктің Қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады", - дейді банктің корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Маржан Елшібаева.
Елшібаева тонаушылар банк кассасынан 60 миллион теңге алып кетті деген ақпаратты растамады.
"Одан айтарлықтай аз, нақты қанша екенін тергеу мүддесі үшін ашып айта алмаймыз", - дейді банк өкілі.
Оқиға 22 тамызда, таңғы уақытта болған. Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. Мұның барлығын қылмыскерлер екі минут ішінде жасап үлгерген.
Кейін Kaspi Bank оқиғаның толық видеосын жариялады.
"Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі басты орында. Мұндайдан ешкім сақтана алмайды. Бастысы ешкім зардап шеккен жоқ. Біз ішкі мақсатта қосымша шешімдер шығарамыз. Мұндай оқиға ешкіммен қайталанбас үшін полиция кінәлілерді табады деп үміттенеміз", - дейді департамент директоры.
Қазіргі кезде шығын көлемі анықталып жатыр. Мұның алдында куәгерлер оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген.