22 тамыз 2017 14:42

Kaspi bank өкілдері бөлімше тонағандардың қалай қашып кеткені түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaspi bank өкілдері банктің Талғардағы бөлімшесін тонағандардың қалай қашып кеткені түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Kaspi bank өкілдері банктің Талғардағы бөлімшесін тонағандардың қалай қашып кеткені түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. Толық видеода шабуыл жасағандардың шатыр арқылы қашқаны бейнеленген. 

"Оқиға кезінде банкте клиенттер болмаған. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеді. Банк қызметкерлері дабыл батырмасын дереу іске қосты және мәліметті құқық қорғау органдарына берді. Банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен белсенді әрекеттестік жасап, әржақты мәлімет беріп жатыр, сондай-ақ, қылмыскерлердің қайда екенін анықтауға септесіп жатыр. Шығын көлемі нақтыланып жатыр", - деп хабарлады банк өкілдері.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 22 тамызда, таңғы уақытта болған. 

"Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған", - деп хабарлаған еді осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети