15 ақпан 2022 | 12:29

"Қатыгездікпен күш қолданған". Алматы әкімдігін басып алуға қатысты деген күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысты деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, қаңтардағы лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерге қатысты тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған.

"2022 жылғы 5 қаңтарға қараған түні Алматыда қала әкімдігі ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы анықталды.

Олар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш қолданған. Олар полицейлерден құралдарын (қалқандар, таяқшалар) тартып алып, ұрып-соққан", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қылмыскерлердің жеке басы бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде анықталған.

"1 ақпанда сот санкциясы бойынша, күдіктілер қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі ("Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу"), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары ("Билік өкіліне күш қолдану") бойынша сараланды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында "Көк төбе" телемұнарасын басып алуды жоспарлағаны көрсетілген. Ведомство мәліметіне сүйенсек, осы мақсатта күдіктілер бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға үгіттеген және олардың өміріне қауіп төндірген.

"1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Ол 25 қаңтарда сот санкциясы бойынша қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети