07 қазан 2022 13:46

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияны жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық деректері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковский Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі Мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша және О.Ждан Қылмыстық кодексінің 176-бабы Тыңшылық бойынша кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше, 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети