Қайнап тұрған майды қыздың бетіне шашып жіберген маңғыстаулық сотталды

12 Ақпан 2018, 14:35
0
Қайнап тұрған майды қыздың бетіне шашып жіберген маңғыстаулық сотталды -

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының сотында 20 жастағы сатушы қызға қайнап тұрған майды шашып жіберген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Лада".

Басылымның мәліметінше, 31 жастағы тұрғын екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша айыпты деп танылды.

Сондай-ақ, сотталушы зардап шеккен қызға моральдық шығын ретінде миллион теңге және материалдық шығын ретінде 373 645 теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді. Бірақ 20 жастағы Сымбат Қозыбай мен оның туыстары соттың шешімімен келіспей отыр.

"Емге миллион теңгеден аса ақша жұмсадық. Мұнымен қоса, әпкеме әлі бірнеше рет пластикалық ота жасату керек. Сымбаттың суреттерін жіберіп, түрлі клиникалардан сұрастырдым. Ең кем дегенде төрт миллион теңгеден аса ақша керек. Бізде ондай ақша жоқ, ал оның отбасы ештеңені өтегісі келмейді. Бастапқыда кешірім алғысы келетіндерін айтады. Бірақ оған уақыт жоқ... Оның психологиялық жағдайы үшін уайымдап отырмыз. Орамал тақпай далаға шыға алмайды. Себебі бетінде іздер қалып қалған. Мұнымен қоса, мойнында, қолы мен аяғында іздер бар. Түнде де дұрыс ұйықтай алмайды, себебі бүкіл денесі ауырады", - дейді зардап шеккен қыздың әпкесі Жанагүл.

Сот отырысы барысында сотталушының қорғаушысы осы жағдайға дәмхана иесінің және терезе алдына ыстық майы бар қазанды қойып кеткен Сымбаттың өзі жауапкершілік тарту керектігін айтып отыр.

Еске салайық, Маңғыстау облысында сатушының қызметіне көңілі толмаған ер адам қыздың бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол - полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай